Қарулы күштер офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне жеке куәліктер беру қағидаларын бекітеді

Қарулы күштер офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне жеке куәліктер беру қағидаларын бекітеді

Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасы Қарулы күштері офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне жеке куәлік беру қағидаларын бекіту туралы" Қорғаныс министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.

Жеке куәліктерді беру қағидаларында олардың нысаны, берілуі, есепке алу, сақтау және жабдықтау тәртібі айқындалады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде осы жылдың 15 маусымына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14591919 сілтеме арқылы танысуға болады.