Қазақстан мен Әзербайжанның әскери заңгерлері қарулы күштердің қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Әзербайжанның әскери заңгерлері қарулы күштердің қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Астанада Қазақстан мен Әзербайжан қорғаныс ведомстволарының заңмен қамтамасыз ету органдары өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Тараптар ақпарат алмасу түрінде қорғаныс ведомстволары заң қызметінің құрылымымен танысты. Қарулы күштерді құқықтық қамтамасыз ету, нормаларды белгілеу іс-әрекеті және құқық қолдану практикасы мәселелерін талқылады. Одан бөлек, әскери заңгерлерді даярлау және біліктілігін арттыру аспектілері де қозғалды.

Қазақстандық тарап шетелдік әріптестерін әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандырудың қолданыстағы жүйесімен және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін әлеуметтік пакетті кеңейте отырып, әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шаралармен таныстырды.

Шетелдік қонақтар сондай-ақ, Қазақстан астанасының көрікті жерлерімен танысып, ЭКСПО-ға және «Бәйтерек» монументіне барды.