Қорғаныс министрлігі ҚР Үкіметінің "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді.
Құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылған.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында ағымдағы жылдың 6 маусымына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14574403