Сауд Арабиясының делегациясы Ұлттық қорғаныс университетінде болды

Сауд Арабиясының делегациясы Ұлттық қорғаныс университетінде болды

Шетелдік меймандар Ұлттық қорғаныс университетінің құрылу тарихымен және кадр даярлаудың қолданыстағы жүйесімен танысты.

Тараптар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университеті мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Командалық-штабтық колледжі арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Дәріс өткізу, конференцияларға қатысу және тілдік курстарды ұйымдастыру мүмкіндігі атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар әскери білім мен ғылым саласында ынтымақтастық орнатуға өзара қызығушылық танытты.