Қарулы күштерде әскерлер қызметінің мамандарына арналған көрнекі сабақтар өтті

Қарулы күштерде әскерлер қызметінің мамандарына арналған көрнекі сабақтар өтті

Шымкент гарнизонындағы әскери бөлімдерде Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелерінің әскерлер және әскери қызмет қауіпсіздігі қызметінің өкілдерімен оқу-әдістемелік жиын өткізілді.

Шараны ұйымдастырушы – Әскери полиция бас басқармасы. Жиын әскерлер қызметін ұйымдастыруға, диверсияға қарсы қауіпсіздік шараларына, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуына, сондай-ақ әскери қызметтің қауіпсіздігіне жауапты мамандарды теориялық және іс жүзінде даярлауды жетілдіруге бағытталған.

Шымкент қаласының авиабазасында өткен көрнекі сабақтар барысында террористік топтың әуе кемесін әкету әрекеті кезінде тәуліктік нарядтың іс-қимыл тәртібі пысықталды. «Қақпан» жоспары бойынша бөлімнің әскери қызметшілері гарнизонның кезекші күштерімен және күштік құрылымдарымен өзара іс-әрекет жасай отырып, терроризм актісінің жолын кесті.

Түркістан облысында орналасқан 10216 әскери бөлімінде қарусыз адамдар әскери бөлімге кіретін жолды жауып тастап, оларға қарулы шабуыл жасаған кезде күзет пен қорғанысты ұйымдастыру жөнінде сабақтар өткізілді. Гарнизонның кезекші бөлімшесін басқыншылыққа ұшыраған бөлімге жедел тасымалдау және әуеден ату Ми-171Ш армиялық авиация тікұшағының көмегімен жүзеге асырылды.

Бұдан бөлек, әскери қызмет қауіпсіздігінің тәуекелдеріне мониторинг жүргізу бойынша практикалық сабақтар өткізілді, әскери объектілерді күзету және қорғау шараларын ұйымдастыру кезінде гарнизонның әскери бөлімдері басшылығының өзара іс-қимыл мәселелері де талданды, кәсіптік даярлық бойынша сынақтар та қабылданды.

Жиын әскерлердің және жауынгерлік қызметтің қауіпсіздігін ұйымдастыру сапасын арттыруға, оң тәжірибені енгізуге және әскери бөлімдердің әскери объектілеріне террористік акт жасау немесе сондай қауіп төнген жағдайда жеке құрамның іс-қимыл алгоритмдерін қолдануға ықпал етеді.