Теңіз жаяу әскерінің сарбаздары үйлеріне оралмақ

Теңіз жаяу әскерінің сарбаздары үйлеріне оралмақ

Бір жыл бойы әскери борышы өтеген теңіз бригадасының әскери қызметшілері Жауынгерлік туымен қоштасты.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген сарбаздарды запасқа шығару салтанатты шарасы барысында Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Теңіз жаяу әскері бригадасының алаңында борышын аяқтайтын әскери қызметшілер сапқа тұрып, 600-ден аса сарбаз әскери даңқ пен абыройдың белгісі – Жауынгерлік тумен қоштасты.

– Бір жыл ішінде сендер әскери маман атанып, жауынгерлік істің қыр-сырын үйреніп, мемлекеттік-құқықтық дайындықта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздіңдер. Бірнеше рет жауынгерлік машықтарыңның жоғары деңгейде екенін көрсеттіңдер, «Мергендер батальоны» сайысында үздіктер қатарынан көріндіңдер, – деді бригада командирі подполковник Жаннұр Сатқынов.

 Қатардағы жауынгер Валерий Плаксин үшін теңіз жаяу әскерінің бригадасы екінші үйіндей болып кетті, себебі ол осында көптеген достар тапты.

– Біз мұнда көп нәрсе үйрендік. Әсіресе, ана-ана мен достықты бағалауды үйрендік. Бізді қолдап, жанашырлық танытып, әскердегі өмір жолынан өтуге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын, – деді Алматы облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Дінмұхамбет Азберген.

Теңіз жаяу әскерлерін қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, үлгілі әскери тәртібі, жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығындағы жоғары көрсеткіштері үшін грамоталармен, ата-аналарын да алғыс хаттармен, қызмет барысы жайлы фотоальбомдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Бірқатар әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтар берілді.

Ақтау гарнизонында осы жылдың көктемінде заңда белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген 1000-ға жуық сарбаз запасқа шығарылмақ.