Қорғаныс министрінің Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығымен құттықтауы

Қорғаныс министрінің Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығымен құттықтауы

Құрметті әскери теңізшілер!

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы күштердің басшылығы, өз атымнан Сіздерді, барша ардагерлерді Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік тірегіне айналған Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері Қазақстанның Каспий теңізі секторында егеменді еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін, тәуелсіздігі мен ел тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Әскери теңізшілер өздеріне артылған сенімді абыроймен орындап, оқу-жауынгерлік міндеттерді атқаруда кәсіби шеберлік танытып келеді. Құрылған уақыттан бастап отыз жыл ішінде қарт Каспийдің атырабында ұйымдастырылған барлық кешенді жаттығуларда Сіздер білікті маман екендеріңізді байқатып, сенімге селкеу түсірген емессіздер.

Мерейлі кәсіби мейрамда баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, қызметте қырағылық, өмірде үлкен белестерді бағындыруда сәттілік тілеймін.