Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің ақылы қызметтеріне тарифтер бекітілмек

Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің ақылы қызметтеріне тарифтер бекітілмек

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі ақылы көрсететін қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын әзірлеп отыр.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес Қорғаныс министрі мәдениет саласында маманданған Қарулы күштердің мемлекеттік мекемелері ақылы түрдегі ұсынатын қызметтеріне тарифтер бекітетін болады.

Талқылауға ұсынылып отырған құжат жобасында көшпелі көрмелерді ұйымдастыру және өткізу, ғылыми жобаларды әзірлеу, музей экспозицияларын құру және музейді аралау т. б. ақылы қызметтерге тарифтер белгіленеді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 10 сәуіріне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14463118 сілтеме бойынша танысуға болады.