Қазақстандық курсант Арменияда өткен шет тіл олимпиадасында сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық курсант Арменияда өткен шет тіл олимпиадасында сәтті өнер көрсетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің жоғары білім ордаларының курсанттары арасындағы VII Халықаралық олимпиадасы шеңберінде Дилижан қаласында ағылшын тілінен сайыс өтті.

Білімін деңгейін сынауға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан әскери жоғары оқу орындарының курсанттары  қатысты.

Қазақстанның атынан Халықаралық олимпиадаға Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары шықты.

– Екінші турдағы шет тілінде сөйлеу машығы тексерілетін жазбаша байқауда Нұрдәулет Мұрат тіл білімінің деңгейі жақсы екенін көрсетті, – деді Құрлық әскерлері әскери институтының бірінші курс курсанты жайлы команда жетекшісі майор Жанар Дүйсенбекова.

Төрт кезеңде өткен сайыс жеке және командалық жұмысты қамтыды.