Әскери қызметшілердің тамақтану сапасы қоғам бақылауында

Әскери қызметшілердің тамақтану сапасы қоғам бақылауында

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшы генерал-майор Талғат Қойбақовтың басшылығымен бейнеконференцбайланыс режимінде әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері жөнінде отырыс өтті.

Оған Құрлық әскерлерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің басшылығы, әскери прокуратура өкілдері, тамақтану қызметтерін ұйымдастырушылар, «Аналардың жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лилия Хайруллина мен өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар тамақтандыру сапасын арттыру және қызметтерді орындаушылардың, оның ішінде жақында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шарттар жасасқан қызметтердің шарттық міндеттемелерін орындау мәселелерін талқылады.

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Арман Мансұров қоғамдық тамақтандыру инфрақұрылымының дамуы, азық-түлік рационының сақталуы мен рационның алуан түрлі болуын бақылауды ұйымдастырылатынын хабардар етті.

Талқылау барысында Қорғаныс министрлігінің басшылығы осы мәселелерге қоғамның қатысуға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар әскери бөлімдерде тамақ дайындауды ұйымдастыруды, әскери қызметшілерге азық-түлік нормаларын толық жеткізуді бақылау бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу ұсынылды.