Жамбыл облысында зерттеу оқу-жаттығулары өтуде

Жамбыл облысында зерттеу оқу-жаттығулары өтуде

«Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевтың басшылығымен «Көкжал-2023» зерттеу оқу-жаттығулары өтіп жатыр.

Оқу-жаттығу шеңберінде бір апта ішінде таулы жерлерде батальондық тактикалық іс-қимыл тобын дайындау мен қолдану мәселелері пысықталатын болады. Оқу-жаттығуларға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің бөлімшелері, Әуе қорғанысы күштерінің армиялық және әскери-көліктік авиация экипаждары жұмылдырылған.

Тактикалық жаттығулар екі жақты форматта өткізіледі. Бөлімшелер маневрлік қорғаныс жүргізудің жаңа тактикалық тәсілдерін пысықтайды. Тактикалық топтардың ұтқыр атыс топтарымен өзара іс-қимылдағы жауынгерлік іс-қимылдары зерттеледі. Сондай-ақ артиллерия мен армиялық авиация бөлімшелерін жалпы әскери бөлімшелердің мүддесі үшін жауынгерлік қолдануға ерекше назар аударылатын болады.

Оқу-жаттығуға мыңнан астам әскери қызметші мен үш жүзден астам әскери техника жұмылдырылған.