Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің ақылы қызмет түрлерінің қағидалары бекітіледі

Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің ақылы қызмет түрлерінің қағидалары бекітіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарлардан (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.

Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музей» РММ мәдениет саласында ақылы қызметтер көрсетуге және алынған ақшаны жұмсауға құқылы.

Талқылауға ұсынылатын нормативтік құқықтық актінің жобасында мұражай қызметінің ақылы түрлерінің тізбесі айқындалады. Атап айтқанда, мұражайға бару, көшпелі көрмелерді ұйымдастыру және өткізу, ғылыми жобаларды әзірлеу және мұражай экспозицияларын құру.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталындағы «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 6 сәуіріне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14457691