"Arbat.media" сайтындағы жарияланымына қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасы

"Arbat.media" сайтындағы жарияланымына қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасы

"Қорғаныс министрлігінің миллиардтаған ақшасы сапасыз тамақ пен аш сарбаздарға қалай жұмсалады" деген "arbat.media" сайтындағы жарияланымына қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасы

  1. Үш жылдық кезеңге шарттар жасасу жеке құрамның тамақтануын ұйымдастыру және тамақтану объектілерін ұстауға қаржы салу, сондай-ақ кәсіби аспаздарды тарту саласында ұзақ мерзімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша үш жылдық шарттар жасасу практикасы Қазақстан Республикасында бұрыннан бар және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда кеңінен қолданылатыны белгілі.

Осы мәселе бойынша мақалада көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайды. 

  1. Ақтау гарнизонында сапасыз тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты 2023 жылғы 2 наурызда Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы тексерген болатын. Комиссия жұмысы барысында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, "Ана жүрегі" РҚБ мүшесі Маханбет Жақсыгүл және Ақтау қаласының тәуелсіз блогері Рамазан Бибігүлмен бірлесіп тексеруі азық-түлікте құрттардың болуы фактілерін растамады. Ақтау гарнизоны прокурорының қатысуымен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен әңгімелесу кезінде жеке құрам ас ішетін асханаларда жәндіктердің болуын бірауыздан жоққа шығарды. Әскери қызметшілер арасында әзірге ешкім әзірленген тағамға қатысты шағым түсірген жоқ.

Жоғарыда аталған бұзушылықтар туралы мақаладағы ақпарат та шынайы емес. 

  1. Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерінің мамандары тамақтануды ұйымдастыруды бақылау саласындағы уәкілетті органдар болып табылады. Олар өткен жылы 300-ден астам тексеру жүргізіп, төрт тамақтануды ұйымдастырушыға қатысты сотқа талап арыздар берген еді. Сот нәтижесінде жеңіске жетіп, мемлекет кірісіне 11 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл санкциялары өндірілді.

Шарттық міндеттемелерді, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың аналары тарапынан шағымдарды дұрыс орындамау фактілері анықталған кезде ҚР Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары тиісті шараларды уақытылы қабылдайды және олар бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізіледі. Тапсырыс орындаушылар тарапынан бұзушылықтың бірде-бір фактісі назардан тыс қалмайды.

Тамақтану сапасын бақылаудың болмауы туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды.

  1. Қорғаныс ведомствосы басшысының бастамасымен 2023-2025 жылдарға арналған конкурстық рәсімдерді ашық өткізу мақсатында бақылаушылар ретінде "Сарбаздар аналары комитеті" республикалық қоғамдық бірлестігінің, ҰҚК Әскери қарсы барлау басқармасының, Бас әскери прокуратураның өкілдері және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары шақырылды. Мәлімделген 79 әлеуетті тапсырыс орындаушының ішінен Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік сатып алу бас басқармасы 24 тамақтандыруды ұйымдастырушыны, оның ішінде "Берекет-Ф", "Вулкан студиясы", "Санжели", "Төре М-Лимитед", "Бастау снаб", "Нұр-Ислам" ЖШС және т. б. іріктеп алды, олардың тиісті біліктілігі бар, қойылған талаптарға сәйкес.

Осы мәселе бойынша мақалада айтылған мәлімет шындыққа жанаспайды. 

  1. Әрбір әскери бөлімде жалпыәскери жарғылардың талаптарына сәйкес тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды: әскери бөлімнің командирі, командирдің орынбасарлары, азық-түлік қызметінің бастығы, әскери бөлім бойынша, асхана бойынша кезекшілер, фельдшер, бақылау тобының офицерлері жүзеге асырады. Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалар азық-түлікті қазанға салуды қатаң бақылауды жүзеге асырады, бұл аспаздардың өнңмдерді ұрлауына жол бермейді, өнімдердің сәйкестігінен басқа, өнімнің, әсіресе ет өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы да тексеріледі.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант М. Қ. Таласовтың бастамасымен әр асханада ХҚКО-лардағы қызметтерді бағалау бойынша әр сарбаз бен курсант дайындаған тағамның сапасын бағалаудың планшеттік жүйесі енгізілді.

Әскери бөлімдерде ай сайын стационарлық және далалық жағдайда тамақтың пісірілуін бақылау-көрсету және ерекше кезеңде тамақ дайындау жөніндегі міндеттерді орындауға дайын әскери маман-аспаздар бар.

Әскери қызметшілердің тамақтануын бақылау деңгейі төмен деу де қате пікір.

  1. Тапсырыс орындаушыларды іріктеу конкурс негізінде, олардың мүмкіндіктері туралы ұсынылған ақпаратты (тамақ өнімдерін өндірудің, қойма үй-жайларының, логистиканың және т.б. болуы) саралай отырып жүргізіледі, сондай-ақ олардың тамақтану саласындағы жұмыс тәжірибесі де ескеріледі.

Осы тармақ бойынша баяндалған дәлелдер мүлде шындыққа жанаспайды. 

  1. Тамақтануды ұйымдастыруға арналған ақшалай қаражаттың шығыстары туралы ақпарат таралуы шектеулі мәліметтерге жатады, өйткені ол ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік және сандық құрамын ашады.

Бүгінгі таңда бір сарбазға тәулігіне 2250 теңге жалпы әскери тамақ құны белгіленген, бұл нарықтық экономика жағдайында ең төменгі баға және айта кетер нәрсе бұл мақалада көрсетілген "көпмилионды кері қайтару" туралы мәлімдеменің дұрыс еместігін растайды. 

  1. Қорғаныс ведомствосының басшысы мен Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант М. Таласовтың бірлескен қызметі туралы ақпарат та ойдан шығарылған. Қорғаныс министрі генерал-полковник Р. Жақсылықов Шымкент қаласында ҚР ІІМ Ішкі әскерлер бригадасының командирі лауазымында қызмет атқарды, ал Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант М.Қ. Таласов Тараз қаласында ҚР Қорғаныс министрлігінің АПБ бастығы болды. Анығы Оңтүстік әскери округте бұл лауазымды тұлғалар қызмет еткен жоқ.

Генерал-лейтенант М. Таласов 2020 жылы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ал генерал-полковник Р. Жақсылықов 2022 жылы қорғаныс ведомствосының басшысы болды.

Осылайша, бұл мақалада көрсетілген мәліметтер де шындыққа сәйкес емес.

  1. Қорғаныс министрінің орынбасары М. Таласовтың туыстарын тағайындауға қатысты мақалада аталған адамдар Қарулы Күштер қатарында әртүрлі лауазымдарда әскери қызмет өткеретінін айта кеткен жөн.

Бұл ретте олардың ешбірі Қорғаныс министрінің орынбасарына тікелей бағынбайды.

Жетекші мемлекеттер армияларының әлемдік тәжірибесіне сәйкес 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін тамақтандыруды ұйымдастыру тамақтандыру қызметтерін орындайтындар арқылы жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Аутсорсингке көшудің негізгі мақсаты – әскери қызметшілерді өзіне тән емес шаруашылық-тұрмыстық міндеттерден барынша босату және негізгі күш-жігерді жеке құрамның жауынгерлік әзірлігіне шоғырландыру болып отыр.

ҚР "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 19-бабына сәйкес Қорғаныс министрлігі ҚР Қарулы күштерінің беделіне нұқсан келтіретін анық емес мәліметтерді таратқаны үшін осы бапта баяндалған дәлелдерді ресми теріске шығаруды талап етуді қосу қажет деп санаймыз.

Мұндай жағдайда, Қорғаныс министрлігі құқықтық негізде және ҚР қолданыстағы заң шеңберінде шаралар қабылдауға мәжбүр болады.

Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосы өз құзыреті шеңберінде ақпарат берудегі ашықтықты қолдап, оны ұсынуда басымдықты ұстанатынын хабарлаймыз.

Барлық сұрақтар бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласуды сұраймыз.