Қорғаныс министрінің Наурыз мейрамымен құттықтау сөзі

Қорғаныс министрінің Наурыз мейрамымен құттықтау сөзі

Құрметті әріптестер, қадірлі ардагерлер!


Сіздерді бүкілхалықтық көктемгі жаңару мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан біз бірлік пен бауырластықтың, төзім мен мейірімнің мерекесі Наурызды бірге қарсы аламыз. Бұл күні адамдар ренішті ұмытып, көршісіне көмектесіп өзгелерге қуаныш сыйлайды.

Наурыз ежелден адамдарды жақындастырып, жан дүниесінде бейбітшілікке, жақсылық пен өзара көмекке деген ұмтылысты оятып келеді. Қарулы күштердің әскери қызметшілері де бүкіл халықпен бірге Ұлыстың Ұлы күні - Наурызды ерекше ықыласпен қарсы алады. Біз ата-бабаларымыз өсиет еткен дәстүрлер мен құндылықтарды құрметтейміз және әрқашан азаматтардың тәуелсіздігі мен бейбіт өмірін қорғауға дайынбыз.

Көктем мерекесімен бірге әрқайсымыздың шаңырағымызға жақсылық пен бейбітшілік, өркендеу мен әл-ауқат, денсаулық пен өзара түсіністік келсін.