Пайдалану бөлімдерін техникамен қамтамасыз ету нормалары бекітілмек

Пайдалану бөлімдерін техникамен қамтамасыз ету нормалары бекітілмек

Әскери инфрақұрылым бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдерін техникамен және техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жол-пайдалану учаскелерін техникалық құралдармен, машиналармен, қондырғылармен және мүлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық құжат жаңа жабдықтар мен мүкәммалдық мүлікті сатып алу үшін бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдалануға бағытталған. Сондай-ақ, ол өзінің қызмет ету мерзімі өткен мүлікті есептен шығаруға мүмкіндік беретін нормаларды да қарастырады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА( бөлімінде биылғы жылдың 13 ақпанына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14395424