Қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау қағидалары жаңартылады

Қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау қағидалары жаңартылады

Әскери полиция бас басқармасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 343 бұйрығымен бекітілген «ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын» қайта өңдеді.

Қағидалар Қылмыстық-процестік кодекстің 96-бабының талаптарына, «Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» және «Әскери полиция органдары туралы» Заңдардың нормаларына сәйкес әзірленді. Онда қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты әскери полиция органдары лауазымды адамдарының тәртібі, шаралары, іс-әрекеттері егжей-тегжейлі баяндалған.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 27 қаңтарына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14382795