Қорғаныс министрлігінде Өзбекстан елшісімен кездесу өтті

Қорғаныс министрлігінде Өзбекстан елшісімен кездесу өтті

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

Тараптар жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.