Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы әскери полиция қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітіледі

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы әскери полиция қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітіледі

Әскери полиция бас басқармасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полиция органдарының көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын қайта өңдеді.

Осы саладағы әскери полиция органдары қызметінің құқықтық негізін «Әскери полиция органдары туралы», «Жол қозғалысы туралы» Заңдар, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі құрайды.

Қағидаларда әскери полиция органдары жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың негізгі міндеттері мен тәртібі айқындалған. Онда Қарулы күштердің көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін орындауын бақылау, әкімшілік және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-қимыл алгоритмі белгіленген.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 27 қаңтарына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14382751