Патрульдік-бекеттік қызметтің іс-әрекетін ұйымдастыру ережелері жаңартылатын болады

Патрульдік-бекеттік қызметтің іс-әрекетін ұйымдастыру ережелері жаңартылатын болады

Әскери полиция бас басқармасы ҚР Қарулы күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің іс-әрекетін ұйымдастыру қағидаларын қайта пысықтады.

Аталған ереженің құзыреті шегінде құқық тәртібін қамтамасыз етуге, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алып, анықтауға бағытталған әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің ұйымдастыру тәртібі айқындалады.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 27 қаңтарына дейін мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14382809