Қорғаныс министрлігі Халықаралық Қызыл Крест комитетімен өзара іс-қимылды жетілдіруде

Қорғаныс министрлігі Халықаралық Қызыл Крест комитетімен өзара іс-қимылды жетілдіруде

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов бастаған қазақстандық делегация Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің басшылығымен кездесті. Қазақстандық тараппен штабтық келіссөздер ұйымның Женевадағы штаб-пәтерінде алғаш рет өткізіліп отыр.

Тараптар Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық Қызыл крест Комитеті арасындағы ағымдағы ынтымақтастық және өзара іс-қимылдың алдағы мәселелерін талқылады.
Африка құрлығындағы, атап айтқанда қазақстандық әскери қызметшілер әскери бақылаушылар ретінде қызмет өткеріп жүрген Мали мен Орталық Африка Республикасындағы гуманитарлық ахуал жайында ақпарат алмасылды.
Кездесу барысында генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов бітімгерлік қызметті қайта ұйымдастыру жөніндегі ағымдық жұмыс туралы хабардар етті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік операциялар және әскери медицина орталықтарының даму көкжиегі жөнінде тілге тиек етті.
Ол сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетінің басшылығына Қазақстанның Қарулы күштеріне жан-жақты қолдау көрсеткені және мекемелердің оқу мүмкіндіктерін арттыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Кездесуге қатысушылар бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.