Қарулы күштерде жауынгерлік дайындық апталығы өтуде

Қарулы күштерде жауынгерлік дайындық апталығы өтуде

1 желтоқсаннан бастап бір апта ішінде Қарулы күштердің әскери басқару органдарын, құрамалары мен әскери бөлімдерін жауынгерлік әзірлікке келтіру кезінде жеке құрамның іс-қимыл дағдыларын жетілдіруге бағытталған кешенді тактикалық-саптық сабақтар ұйымдастырылады.

Сабақ барысында жауынгерлік есептоптар мен кезекші қызметтердің іс-қимыл тәртібін нақтылау жүргізіледі. Штабтар мен әскери бөлімдердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың аумақтық бөлімшелерімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы пысықталады.

Жұмылдыру ресурстарын қабылдау пункттерін орналастыру бойынша жаттығулар ұйымдастырылатын болады. Құрамалар мен әскери бөлімдердің практикалық әрекеттеріне ерекше назар аударылмақ. Жауынгерлік техникаларды бөлімшелердің тұрақты орналасқан пункттерінен белгіленген аудандарға шығару жүзеге асырылады.

Қарулы күштер ауқымындағы кешенді тактикалық-саптық сабақтар 6 желтоқсанға дейін жалғасады.