Қорғаныс министрлігі алғашқы хакатон жеңімпаздарын анықтады

Қорғаныс министрлігі алғашқы хакатон   жеңімпаздарын анықтады

Қазылар алқасы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы Hackaton DefTech 2.0 екі бағыты бойынша бес өтінімді қарады.

Конкурсқа қатысушыларға үш бағыт бойынша техникалық тапсырмалар ұсынылды. Іріктеу кезеңін өткізу кезінде министрлік бес өтінім алды. Оның екеуі – deftech веб-порталын әзірлеу бойынша, үшеуі – ЖОО-да оқуға грант алу үшін мерзімді қызметтің әскери қызметшілері арасында конкурстық іріктеу өткізуге бағдарламалық өнім жасау бойынша.

Сонымен қатар «тамақтану сапасын бақылау», «заттай мүлікпен қамтамасыз етуді бағалау», «әскери тәртіпті бағалау» модульдерін қамтитын мерзімді қызметтің курсанттары мен әскери қызметшілері арасындағы қамтамасыз етуді, әскери тәртіпті бағалау және талдау бағыты бойынша ұсыныстар түскен жоқ.

– Жыл соңына дейін біз мерзімді қызмет сарбаздарына тамақтану сапасын, заттай мүлікпен қамтамасыз етудің толықтығын және басқа да параметрлерді бағалауға мүмкіндік беретін бағдарлама бойынша хакатон өткізуге ниеттіміз. Келесі жылы біз осындай бірнеше конкурс өткіземіз. Қазір министрлікте «үй тапсырмасы» дайындалуда. Мұндай шешімдерге қажеттілік айқындалуда. Біз бұл туралы сайтта техникалық тапсырмаларды жариялай отырып, нарыққа жеткіземіз, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Комиссия жобалардың техникалық тапсырмаға сәйкестігін, олардың іске асырылуын және әзірлеушінің тиісті құзыреттерінің болуын қарастырды.

Deftech веб-порталын әзірлеу бойынша жеңімпаз Жанат Әбкенов болды. ЖОО-да оқуға грант алу үшін мерзімді қызметтің әскери қызметшілері арасында конкурстық іріктеу өткізу бойынша қазылар алқасы "Intelligent data Solutions" ЖШС бағдарламалық өнімін үздік деп санады.
Байқау жалғасуда, техникалық тапсырмалар Astana Hub сайтында орналастырылады: : https://astanahub.com/ru/tech_task/khakaton-v-sfere-oborony-i-bezopasnosti-defense-tech-2-0