Бітімгерлер бейбіт тұрғындарды қорғау жолында

Бітімгерлер бейбіт тұрғындарды қорғау жолында

Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында «БҰҰ азаматтық халқын қорғау» халықаралық курсы өтті.

Оған Ұлыбритания мен Қырғызстанның әскери қызметшілерін қосқанда жиырма бес тыңдаушы қатысты. Баяндама жасау үшін курсқа  Халықаралық Қызыл Крест комитетінің, «БҰҰ – әйелдер» аймақтық өкілдіктерінің мамандары, сондай-ақ Германия мен Жапонияның нұсқаушылары да шақырылды.

Тыңдаушылар БҰҰ қызметінің құрылымымен, қағидаттарымен, бітімгерлік операцияларды жүргізу кезінде бейбіт тұрғындарды қорғау саласындағы құқықтық аспектілермен танысты.

Ағылшын тілінде өткізілетін курс 2019 жылы БҰҰ сертификатына ие болған. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар халықаралық сертификаттар алды.