Қазақстандық бітімгерлер «Көшбасшылық психологиясы» мамандандырылған курсынан өтті

Қазақстандық бітімгерлер «Көшбасшылық психологиясы» мамандандырылған курсынан өтті

Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің әскери бөлімі ұйымдастырған сабақтар жеке құраммен жұмыс кезіндегі командирлік дағдыларды жетілдіруге бағытталды.

Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік дайындық орталығының нұсқаушы құрамы қатысты. Апталық курс бағдарламасында – көшбасшылық теориясын, топтық жұмыс негіздерін, жеке құрамды ынталандырудағы және бітімгерлерді даярлау үшін келіссөздер жүргізудегі тиімді тәсілдерді зерттеу болды.

– Қазіргі уақытта басқарушы және жеке құрам арасындағы өзара қарым-қатынас үлгісі, басқару стилі үлкен рөл атқарып отыр. Бітімгерлер өз міндеттерін сауатты орындап қана қоймай, көпұлтты ортада дұрыс қарым-қатынас орната білуі де қажет, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің Бітімгерілік дайындық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин.

Аталған курс ағылшын тілінде өткізілді. Іс-шара соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар табыс етілді.