Германияның әскери атташесі Алматыдағы бітімгерлік дайындық орталығына барды

Германияның әскери атташесі Алматыдағы бітімгерлік дайындық орталығына барды

Жұмыс сапары барысында Германия Федеративтік Республикасының Әскери атташесі подполковник Вольфганг Франц Йоханн Бауэршмидт Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік дайындық орталығында болды.

Кездесу барысында бітімгерлік дайындық орталығының өкілі полковник Руслан Маерманов мекеменің құрылу тарихы, іске асырылып жатқан оқу бағдарламалары, сондай-ақ бітімгерлік қызмет саласының алдағы жобалары туралы да айтып берді. 

Германияның әскери атташесі орталықтың оқу инфрақұрылымымен танысып, Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгерлік бөлімшелерінің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру шеңберінде бітімгерлер арасында өтіп жатқан қарқынды тілдік даярлық сабақтарына қатысты.