Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау саласындағы әдістемелер мен ережелер бекітіледі

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау саласындағы әдістемелер мен ережелер бекітіледі

Қорғаныс министрлігі «Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы» (ҚБП) және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» (ҚБП) Қорғаныс министрі бұйрықтарының жобаларын әзірлеп, мемлекеттік органдармен келісуге жіберді.

Аталған нормативтік құқықтық құжаттар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы ҚР Заңдарын іске асыру мақсатында дайындалды.

Қазақстан заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде бұйрықтардың жобалары алғаш рет әзірленіп отыр.