Ақтөбе гарнизонында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Ақтөбе гарнизонында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы болып өтті.

Оған Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, әскери оқу орындарының бастықтары, гарнизонның әскери прокуроры, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері қатысты.

Кеңеске жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың төрағалары болып табылатын гарнизон бастықтары, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бейнеконференция арқылы қосылды.

Отырыс барысында әскери басқару органдарының қадағалау және құқық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасаудағы жүйелі жұмысы атап өтілді. Нәтижесінде биылғы жылы 8 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, сыбайлас жемқорлық қылмыстар санын 27% - ға төмендетуге қол жеткізілді. Соған қарамастан, бұл мәселеде босаңсуға болмайтыны айтылды.

– Бізден сыбайлас жемқорлықты азайту ғана емес, оны Қарулы күштерде толығымен жою талап етіледі. Күш-жігерімізді, соның ішінде құқық қорғау органдарымен, арнайы органдармен және қоғамдық институттармен біріктірусіз бұған қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан көп нәрсе жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа ғана емес, біздің әрқайсымызға да байланысты, – деп атап өтті министрдің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Отырыста әскери оқу орындарына іріктеу және оқу барысында, мемлекеттік сатып алу саласында, күзгі шақыру науқанын өткізу, қызметтік тұрғын үйді бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі қызмет мәселелері қаралды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Нұрболат Махмұтов мемлекеттік қызметшілерді парасаттылыққа тексеру тетігін енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл жосықсыз адамдарды дер кезінде анықтауға және жұмыстан шығаруға, олардың ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен болатын залалды болдырмауға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлықтың тұрақтылығын тексеру заңсыз байытуды "тиімсіз" етеді, ал заңсыз жолмен алынған қаражатты пайдалану іс жүзінде мүмкін болмайды.

Отырыс нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысты жетілдіру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Олардың қатарында құқықтық мәдениетті арттыру, бағыныстыларға жол берілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін бастықтардың жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, Қарулы күштер өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау, процестерді цифрландыру арқылы адами факторды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары лауазымдарға тағайындау кезінде полиграфологиялық зерттеуді қамтитын кадрларды іріктеуде меритократия қағидаттарын мүлтіксіз ұстану бар.