Қорғаныс министрлігінде ГАЖ орталығының басшысы тағайындалды

Қорғаныс министрлігінде ГАЖ орталығының басшысы тағайындалды

Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен Медет Шәріпханұлы Дүйсембаев «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Медет Дүйсембаев – Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Қазақстан гуманитарлық-заң инновациялық университетінің, Уорвик университетінің (Ұлыбритания) және Мадридтегі Халықаралық бизнес мектебінің түлегі. 

Еңбек жолын 2008 жылы мұнай-химия және мұнай-газ салаларында инженерлік-техникалық позицияларда бастады. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамында жоба менеджері, «Технологиялық дамудың ұлттық агенттігі» АҚ-да технологиялар трансферті орталығының директоры, «QazTech Ventures» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жобаларды басқару тобының жетекшісі болды.  Сондай-ақ, инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы (қазіргі QazInnovations) директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Медет Дүйсембаев БҰҰ жанындағы Еуропалық экономикалық комиссияның ғылым, технологиялар және инновациялар жөніндегі комитетінің сарапшысы. 2019 жылы ол президенттік жастар кадр резервіне алынды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Қазіргі уақытта Харбин технологиялар институтында (Қытай) «Жаңа материалдар технологиясы» бағыты бойынша PhD дәрежесін алу үшін диссертация қорғамақ.