
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әйелдер күресінен нұсқаушы-спортшысы Жәмила Бақбергенова Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
72 келі салмақта әйелдер күресінің әлемдік рейтингісінің көшбасшысы саналатын әскер спортшысы финалда АҚШ-тық қарсыласы Амит Элорға есе жібергені болмаса, турнирдің барлық кезеңінде жеңіске жетті.
Бұл Жәмилә Бақбергенованың әлемдік біріншіліктерде жеңіп алған екінші күмісі. ҚР ҚМ Орталық спорт клубының спортшысы Азияның екі дүркін чемпионы және бірқатар беделді халықаралық турнирлердің жеңімпазы екенін айта кеткен жөн.