Қорғаныс министрлігінде Қырғызстан елшісімен кездесу өтті

Қорғаныс министрлігінде Қырғызстан елшісімен кездесу өтті

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен протоколдық кездесу өткізді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Руслан Жақсылықов пен Елші Дастан Дюшекеев Қырғызстан мен Қазақстанның әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайын талқылап, өзара іс-қимылдың басым бағыттарын атап өтті.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы жағдайға қатысты сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, пікір алмасу болды.