Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жеке құрамын Конституция күнімен құттықтады

Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жеке құрамын  Конституция күнімен құттықтады

Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен басқару органдарында Ата Заңның қабылданғанына 27 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Мерекелік іс-шаралар барысында Қазақстанның қарқынды дамуы үшін Конституцияның негізін қалаудағы, сондай-ақ елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудегі Қарулы күштердің маңызды рөлі атап өтілді.

Қорғаныс ведомствосында өткен салтанатты жиында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қарулы күштердің ардагерлерін, әскери қызметшілерді және азаматтық персоналын мемлекеттік мерекемен құттықтап, Конституция қоғамдық дамудың демократиялық қағидаттарының кепілі екенін атап өтті.

– Қазақстан Республикасының Ата Заңында көрініс тапқан жалпыұлттық құндылықтарды құрметтеу – ортақ парызымыз. Конституцияда жарияланған қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Қарулы күштердің әскери қызметшілері кәсіби біліктілігімен, әскери борышын адал орындауымен еліміздің дамуы мен гүлденуіне баға жетпес үлес қосуда, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

Салтанатты іс-шаралар аясында Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан Қарулы күштердің ардагерлері, үздік әскери қызметшілер мен азаматтық персонал марапатталды.

 Жиын соңында Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы шараға қатысушыларға мерекелік концертпен, тамаша көңіл-күй сыйлады.