Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы Үкімет қаулысына толықтыру енгізіледі

Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы Үкімет қаулысына толықтыру енгізіледі

Қорғаныс ведомствосы Үкімет қаулысының жобасына толықтыру әзірледі, оның негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітіліп, Үкіметтің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылады.  

Аталған нормативтік құқықтық құжат еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың жеке (зейнетақы) істерінен анықтамалық деректерді есепке алуды, сақтауды, жүргізуді және беруді ұйымдастыру ауқымындағы Қорғаныс министрлігінің құзыреттерін айқындайтын болады. 

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 31 тамызына дейін сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14186506