Қазақстанның Қорғаныс министрі Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

Қазақстанның Қорғаныс министрі Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Халықаралық армия ойындарының ашылуына қатысты.

Салтанатты рәсім Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтті. Биыл әскери-спорттық жарыстарға 70-тен астам мемлекет қатысу үстінде.  

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Танк биатлоны» конкурсында сайысқа түсетін қазақстандық команданың басшысымен, жаттықтырушылар құрамымен және экипаж мүшелерімен кездесті. Ол әскери қызметшілерге жауынгерлік көңіл-күй, сенімділік пен сәттілік тіледі. Қазақстандық танкистер бірінші дивизионның екінші айналымындағы жеке жарыста жасыл түсті танкте өнер көрсетеді. 

Жұмыс сапары аясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Х Мәскеу конференциясының жұмысына қатысты.