Теңіз жаяу әскерлері әскери техникада судағы кедергілерді еңсеруде

Теңіз жаяу әскерлері әскери техникада судағы кедергілерді еңсеруде

Каспийде өтіп жатқан жауынгерлік даярлық сабақтары шеңберінде теңіз жаяу әскерлері құрамасының механик-жүргізушілері жүзу кезінде бронды транспортерлерді басқару жаттығуларын өткізуде. 

Жабдықталған оқу орындарына жүзіп бармас бұрын, су кедергілерін еңсеру кезінде қауіпсіздік техникасынан теориялық сабақтар өткізілді. Сондай-ақ, нұсқаушылар механик-жүргізушілерге жауынгерлік техниканы дайындау және тексеру тәртібін, оны бітеу шараларын, құтқару-көшіру қызметін және байланысты ұйымдастыру іс-қимылдарын түсіндірді.

– Әскери қызметшілер жаттықтыру кешендерінде практикалық іс-қимылды пысықтап, арнайы алаңдарда нормативтерді орындады. Осыдан кейін ғана жауынгерлер БТР-82А бронды транспортерлерінде жүзуге жіберілді, – деді бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Аслан Нұржанов.

Қазіргі уақытта теңізшілер су кедергілерін еңсеретін техникамен жұмыс істеуде. Жауынгерлік машиналарда жүзу жағалау сызығы бойымен жағадан 50 метр қашықтықта өтеді. Су жолының ұзақтығы – 500 метр. Жаттығу өтетін судың тереңдігі екі метрден асады. Күрделі жағдайда тапсырмаларды орындау кезіндегі экипаждардың үйлесімді іс-қимылдары да ерекше назарда болады.

Су кедергілерін еңсеру маневрлеріне 100-ден астам әскери қызметші, 20-дан астам жауынгерлік және арнайы техника жұмылдырылды. Сабақтардың қауіпсіз жағдайда өтуін жауынгерлік жүзгіштер командасы, жылдам жүретін катер және арнайы көшіру техникасы қамтамасыз етеді. Жаттығу сабақтары 19 тамызға дейін жалғасады.