Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіледі

Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіледі

Қорғаныс министрлігі азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігу (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 277 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады. 

Жобада қайтыс болу туралы куәлікті нотариалды куәландыру қажеттілігін болдырмау бөлігінде өзгеріс көзделген. 

Құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі № 141-VII ҚР Заңын іске асыруға бағытталған құқықтық актілер тізбесінің 12-тармағына сәйкес әзірленді. 

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 18 тамызына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14173652