Материалдық заттармен жабдықтау нормалары туралы қаулының күші жойылды

Материалдық заттармен жабдықтау нормалары туралы қаулының күші жойылды

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын материалдық құралдармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы №432 ҚБПҮ қаулысының күшін жою туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Құжаттың күшін жою Қорғаныс министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес келтіру қажеттігінен туындаған болатын.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылғы 10 тамызға дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14167002