Бітімгерлердің әлеуетінің маңызды бөлігі – тіл үйрену

Бітімгерлердің әлеуетінің маңызды бөлігі – тіл үйрену

Қазақстан Қарулы күштерінің әртүрлі бөлімдері мен әскери құрамаларынан қырықтан астам әскери қызметші Алматы қаласындағы бітімгерлік дайындық орталығында тілдік даярлықтан өтіп жатыр.

Қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қатысу ауқымын кеңейтуді ескере отырып, ағылшын тілін білу ерекше маңызды болып отыр. Ол көпұлтты бітімгерлік контингенттер құрамында штабтық офицерлер немесе БҰҰ-ның әскери бақылаушылары ретінде орындайтын міндеттерді нәтижелі атқару үшін қажет.

– Бұл жерде бізге оқу үшін барлық жағдай жасалған. Оқытушылар құрамы әрбір тыңдаушының оқу нәтижесіне сәйкес білімін қажетті деңгейге жеткізуге барынша күш-жігер жұмсауға дайын, – деп атап өтті курстың ресми ашылуында Бітімгерлік дайындық орталығы бастығының міндетін атқарушы полковник Руслан Маерманов.

Офицерлер мен сержанттарды оқыту алты ойға созылады. Оқу бағдарламасы тыңдаушылардың ағылшын тілінде сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Топтар тыңдаушылардың тілдік даярлық деңгейін ескере отырып қалыптасады. Қажет болған жағдайда арнайы кіріспе-фонетикалық курс беріледі. Оқудың соңғы кезеңінде әскери қызметшілер бітімгерлік операциялада әскери терминологиядан екі апталық жеке курстан өтеді.