Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың күші жойылатын болады

Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың күші жойылатын болады

«Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери мүлкін (гидрометеорологиялық (метеорологиялық) қамтамасыз етудің техникалық құралдарын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 192 ҚБПҮ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасы әзірленді.

2022 жылғы екінші маусымда Үкіметтің № 357 қаулысымен Қорғаныс министрлігі туралы ереженің жаңа редакциясы қабылданды. Осыған байланысты «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген бұйрықтың күші жойылды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылғы 20 шілдеге дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14144675