Қызметтік аттарды ұстау жөнінде нұсқаулық әзірленуде

Қызметтік аттарды ұстау жөнінде нұсқаулық әзірленуде

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (қызметтік жылқыларды) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі. 

Аталған құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген ҚР Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес жариялануға дайындалды. 

Онда Қарулы күштерде қызметтік аттарды ұстау және пайдалану ережелері, сондай-ақ бөлімшелерді аттармен жасақтау және оларды ветеринариялық қамтамасыз ету мәселелері регламенттелген. 

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 19 шілдесіне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14143361