Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі нұсқаулық әзірленді

Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі нұсқаулық әзірленді

Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы «Электронды үкімет» сайтында ҚР Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасын жариялады. 

 2022 жылғы екінші маусымда Үкіметтің №357 қаулысымен Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің жаңа редакциясы қабылданды. Осыған байланысты жоғарыда аталған құжатты қайта бекіту қажет болды.

 Нұсқаулықта Қарулы күштер қызметінің ерекшелігін ескере отырып, әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу тәртібі егжей-тегжейлі көрсетілген. Онда Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығына жеке істерді жіберу мерзімдері және оларды қарау тәртібі айқындалған. Сондай-ақ жеңілдікті есептеуді және еңбек өтілін ескере отырып, оның ішінде авиациядағы ұшу жұмыстарында, биік таулы жерлердегі қызметте, ұрыс қимылдары, бітімгершілік миссиялары жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу нысандары белгіленді. 

Бұйрық жобасының толық мәтінімен ағымдағы жылдың 18 шілдесіне дейін «Электронды үкімет» порталындағы «Ашық НҚА» бөлімінен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14142225