Әскери қызмет – мемлекеттік қызметтің айрықша түрі

Әскери қызмет – мемлекеттік қызметтің айрықша түрі

Қазақстанда 23 маусымда мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. Президент Жарлығымен бекітілген бұл кәсіби мерекеге биыл тоғыз жыл толып отыр.

Күнтізбе бойынша бұл даталы күн 2002 жылы Бас Ассамблея сессиясының 57 қарарымен бекітілген Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттік қызмет күнімен сәйкес келеді.

Мемлекетке қызмет ету құрметті әрі жауапты миссия. Оның ішінде әскери қызмет мемлекеттік қызметтің айрықша түрі саналады. Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік шекарасына қол сұғылмаушылығын қарумен қорғауға байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған.

«Әскери қызметші», «Отан қорғаушы» ұғымдарында терең адамгершілік мағына жатыр. Бұл шын мәнінде қасиетті, өйткені жер бетінде бейбіт аспан мен өз жерін, халқын қорғаудан жоғары миссия жоқ.

Әскери қызметшілер кез келген уақытта өздерінің басын қатерге тіге отырып, көмек қолын созуға әзір. Қажет сәтте еліміз бен оның азаматтарын қорғау үшін олар күн сайын әскери қызметтің қиындықтарын еңсеріп, жауынгерлік дағдыларын жетілдіріп отырады.