Қорғаныс министрі түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Қорғаныс министрі түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әмреевпен протоколдық кездесуі өтті.

Кездесу барысында Бағдад Әмреев Түркі мемлекеттері Ұйымының білім, мәдениет, экономика және энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы рөлін айтты.

Өз кезегінде Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов тамыры мен тарихы ортақ елдердің достық қарым-қатынасының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол ұйым шеңберіндегі әскери мәселелердің жоқтығына қарамастан, Қазақстан барлық түркі мемлекеттерімен қорғаныс саласында екіжақты негізде ынтымақтастықты жүзеге асырып отырғанын атап өтті.