Ұлттық қорғаныс университетінде Иран Ислам Республикасы Қарулы күштерінің әскери өнер аудиториясы ашылды

Ұлттық қорғаныс университетінде Иран Ислам Республикасы Қарулы күштерінің әскери өнер аудиториясы ашылды

Аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі Иран Ислам Республикасы Жоғары Ұлттық қорғаныс университеті делегациясының Ұлттық қорғаныс университетіне сапары аясында өтті.

Ресми рәсімге Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самадзаде Сабер Маджид, әскери-дипломатиялық корпустың дуайені полковник Сон Тэгук, Ұлттық қорғаныс университетінің басқарушы және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Делегацияның сапары барысында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық, профессор-оқытушылар құрамын, ғылыми қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру, еңбектерді өзара жариялау және басқа да мәселелер талқыланды.