Әскери теңізшілер Каспий теңізі акваториясында іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтады

Әскери теңізшілер Каспий теңізі акваториясында іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтады

Каспий теңізінің қазақстандық секторында іздестіру-құтқару іс-қимылдары бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша теңіздегі кеменің дизель-генератор бөлігінен өрт шықты. Жалынның кесірінен кеме тоқтан толықтай ажыратылып, негізгі қозғалтқыштар істен шығып қалды. Азаматтық кеменің өрт сөндіру тобы да тілсіз жауды ауыздықтай алмайды.

Кеменің орналасқан жері, онымен байланыстың болмауын іздестіру үшін Әскери-теңіз күштері мен Әуе қорғанысы күштері авиациясының, Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің департаментінің, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің корабльдері мен катерлерінің бірлескен іс-қимылдары ұйымдастырылды.

Бірлескен іс-қимылдардың нәтижесінде апатқа ұшыраған кеменің координаттары белгіленіп, өрт дерт кезінде аузыдқталды. Ал кеме жақын маңдағы портқа сүйретіп жеткізілді. 

– Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру жөніндегі оқу-жаттығулардың негізгі мақсатына қол жеткізілді. Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу практикасы жалғаса береді, – деп атап өтті Әскери-теңіз базасы командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.