Алматыда Қорғаныс және Ішкі істер министрліктер жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Алматыда Қорғаныс және Ішкі істер министрліктер жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты мен Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған құжат ынтымақтастықтың бірқатар басым бағыттарын дамытуға негіз болмақ.

Меморандумды бекіту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдар арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы кезекті қадам болып отыр.

Құжатқа жоғарғы оқу орындарының бастықтары полковник Қайрат Даутов пен полиция полковнигі Айдар Сайтбеков қол қойды.

Екіжақты ынтымақтастық ақпараттық қауіпсіздік саласы мамандарының даярлығы барысындағы өзара іс-қимылды көздейді.

Шартта кадрларды даярлау, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындау көзделген. Құжат сондай-ақ оқыту нәтижелеріне оң әсер ететін білім беру бағдарламаларын жобалауға да бағытталғанын атап өту керек.