Алматыда БҰҰ бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер бойынша курс өткізілуде

Алматыда БҰҰ бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер бойынша курс өткізілуде

Төрт күндік сабақтар Қазақстандағы Канада Елшілігінің қолдауымен Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік дайындық орталығында ұйымдастырылып отыр.

 Бұл курстың мақсаты Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссияларында ұлттық контингенттің жеке құрамының гендерлік проблематика саласынан хабардар болуын арттыру болып табылады.

Оқу бағдарламасын орталық нұсқаушылары әзірлеген және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының сарапшыларымен бірлесіп өткізіледі.

Гендерлік мәселелер Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметінің атап айтқанда, ұлттық бітімгерлік контингенттерді даярлау процесінің өзекті және ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның гендерлік саясат саласындағы ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, әскери қызметші әйелдерді бітімгерлік миссияларға қатысуға тұрақты түрде жіберіп отыратынын атап өту қажет.