Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

2022 жылғы 30 мамырда Балқаш гарнизонында қаруды қолданудағы қауіпсіздік шарасын бұзған лейтенант офицер жарақат алды.

Зардап шеккенге қажетті медициналық жәрдем көрсетілуде. Дәрігерлердің айтуынша, әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді.

Бұдан өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіне қарай таратуға жатпайды.