Әскери дәрігерлер ұшақ бортында кәсіби деңгейін жетілдіруде

Әскери дәрігерлер ұшақ бортында кәсіби деңгейін жетілдіруде

Алматыда Қазақстанның әскери дәрігерлері «Әуе кемесінің бортындағы қарқынды терапия» оқу курсы аясында біліктілігін арттыруда. Шетелдік сарапшылар анестезиологтарды, хирургтарды және басқа медицина мамандарын төтенше жағдайларда үйлесімді іс-әрекеттерге үйретуде.

Мобильді реанимациялық бригаданың басты міндеті – пациенттің жағдайын тұрақтандырып,  әуеде тасымалдауға қажетті медициналық көмек көрсету. Бұл тұжырымдама бітімгершілік миссиялар кезінде дәлелденген. Онда төтенше жағдайларда шектеулі ресурстармен көптеген адамдардың өмірі құтқарылды.

Әуе кемесінің бортында оқыту курсы барысында әскери дәрігерлер медициналық жабдықпен және іс-қимыл алгоритмімен танысады. Қарқынды терапия бойынша тренингтер арнайы манекендерде іске асырылады.