Қазақстан армиясының сержанттары жеке тәрбие жұмыстарының әдістерін меңгеруде

Қазақстан армиясының сержанттары жеке тәрбие жұмыстарының әдістерін меңгеруде

Қорғаныс министрлігі жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша нұсқаушыларды дайындайтын он күндік оқыту курсын алғаш рет ұйымдастырып отыр. Бұл курс Щучинск қаласындағы әскери колледжде өткізілуде. Оған барлық әскери гарнизондардан 40-тан астам сержант қатысуда.

Сержанттар корпусы – кәсіби армияның негізі. Жауынгерлік машық, бөлімшелердегі әскери тәртіптің жай-күйі және жеке құрамның моральдық-жауынгерлік рухы көбіне сержанттардың кәсіби шеберлігіне байланысты.

Шараның басты мақсаты – әскери қызметшілермен жұмыс істеу кезінде сержанттар құрамының біліктілігін және оның тәрбиелік рөлін арттыру.

Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасына бөлімшелерде әскери тәртіпті сақтау, жеке құрамның проблемалық мәселелерін анықтау және оларды шешу, әскери қызметшілер арасындағы жанжалдардың алдын алу және оны оқшаулау жөнінде сабақтар енгізілген. Сондай-ақ лидерлік қасиетті, қаржылық сауаттылықты дамытуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және ситуациялық кейстермен жұмысқа ерекше назар аударылып отыр. Теория мен практикада сержанттар шешендік өнерді, қызметте де, отбасы ортасында да қарым-қатынас мәдениеті мен психологияның негіздерін үйренеді.

Бұндай сабақ әдістемесі семинарлар, топтық сабақтар, медиа-презентациялар, дискурстық оқыту нысаны мен рөлдік ойын әдістерін біріктіреді. Біліктілікті арттыру курсын өткізуге аса өзекті деген тақырыптарға шеберлік сабақтарын өткізіп қана қоймай, білім алушыларды ынталандырып, олардың әлеуетін ашатын кәсіби психологтар, коучтер де қатысады.

Сержанттар құрамымен өтіп жатқан сабақ осы жылдың 27 мамырына дейін жалғаспақ. Әскери бөлімдерге курсты оқығаны жөнінде сертификатпен оралған нұсқаушылар алған білімін басқа да бөлімше сержанттарына беретін болады.