Ақшалай өтемақы төлеу және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Ақшалай өтемақы төлеу және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету және ақшалай өтемақыны жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Осы құжат арқылы әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау ережелерін және ақшалай өтемақыны жүзеге асыру ережелерін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің  тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген нормаларға сәйкес келтіру ұсынылады.

Құжаттың толық мәтінімен 2022 жылғы 27 мамырға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14094590